Арықтау үшін шәйді қалай ішу керек. Арыктау шай. Шаймен салмақ тастау болады ма? Диета және шай

55 Просмотры
Издатель
Кәдімгі шәймен арықтау туралы естігеніңіз бар ма?

Көк шәй, қара шәй, сүтті шәй болсын, кез келген шәйдің салмаққа жанама әсері бар. Мен өзімнің арықтау ПП Марафонымда қыздарға шәйдан біртіндеп бас тартқан дұрыс екенін түсіндіріп айтамын. Ешкімді мәжбүрлемеймін, тек неліктен бас тартқан дұрыс екенін айтам, болды. Көп адам осыдан кейін саналы түрде шәйдан бас тартқысы келеді. Тіпті өмір бойы қып-қызыл қып, сүтті шәй ішіп жүрген 50-60жастағы апалардың қолынан келіп жатыр. Артынан, ол кісілер ризашылықтарын жаудыртып жатады.

Неліктен шәй жаман? - деп отырған шығарсыз. Ол туралы осы видеода айтылады. Сондықтан міндетті түрде көріңіздер!

Ал, артық салмақтың шәйге қандай қатысы барын айтайын. Біз шәй ішкенде әдетте қалай ішеміз? Өзін ғана ма? Жоқ! Әдетте тамаққа әбден тойып алып, "Ал енді шәй ішейік!" деп жалғастырамыз. Біріншіден, дастарханға қант, варенье, печенья және т.б.қойылады. Яғни, шәй ішкен кезде семіртетін, салмақ қосатын, ең зиянды тағамдар шәймен желінеді.

Екіншіден, тойып тұрған қарынды, одан әрі керіп, шәй ішу асқазанның созылуына әкеледі. Ал созылған асқазанды тамаққа тойдыру барған сайын қиын болады. Үшіншіден көп шәй ішу, тамақпен ішу денсаулыққа жақсы емес.

Егер "Жоқ, шәйсіз өмір сүре алмайм, бірақ арықтағым келеді" десеңіз, оның да ыңғайын таптық. Қалайша, шәй ішіп жүріп-ақ арықтауға болатынын осы видеодан көріңіздер. Оңай орындалатын лайфхак ұсындым.

Негізі, суды ешқандай сусын алмастыра алмайды! Ешқандай! Сондықтан біртіндеп шәйді суға алмастырған жөн.

Сіздер шәйға деп, әдетте қандай тағам түрлерін аласыздар?

Арықтау үшін шәйді қалай ішу керек. Арыктау шай. Шаймен салмақ тастау болады ма? Диета және шай. Арықтау жодары ның бірі

Менің инстаграм https://www.instagram.com/mikahanym/

Менің арықтау марафон туралы https://mikahanym.kz/marafonnor
Комментариев нет.